Последние публикации на сайте » Страница 107 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 107
Мектеп директоры Отепбекова Б.М  ұстаздармен кезекті жиналыс өткізді.
27
қыркүйек
2021
Мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналыс өткізді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М  ұстаздармен кезекті жиналыс өткізді. Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы, білім сапасы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі жайлы айтылды.  2-11 сынып оқушылары арасында білім алушылардан кіріс бақылаулары жоспарлы түрде алынды. Мектеп  басшысы оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеріп, кеткен олқылықтармен жұмыс жүргізуді пән мұғалімдеріне тапсырды. Және 9, 11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындықтарын пысықтау үшін жеке пәндер
Химия пәні мұғалімдері Танкаева И.Х жетістіктері
27
қыркүйек
2021
Химия пәні мұғалімдері Танкаева И.Х жетістіктері
Мектебіміздің химия пәні мұғалімдері Танкаева И.Х, Керимбай Ф.Х "Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық химия пәнінен ұстаздар арасындағы, "KKO.KZ"веб.сайты ұйымдастырған  олимпиадаларға қатысып І, ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды!!!
Мектеп директоры Отепбекова Б.М "Жас мамандарға" әдістемелік көмек көрсетті.
24
қыркүйек
2021
Мектеп директоры Отепбекова Б.М "Жас мамандарға" әдістемелік көмек
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М "Жас мамандарға" әдістемелік көмек көрсетті. Жас мамандарға бүгінгі күннің мұғалім келбеті, кәсіби іскерлік, мұғалімнің жұмыс бағыттарымен таныстырып, нормативті-құқықтық әдістемелік кеңестер берілді.  Жас мамандар сұрақ-жауап алып, кері байланыс жасады.
"Тіл мерекесі"
22
қыркүйек
2021
"Тіл мерекесі"
Мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушылары "Тіл мерекесіне" арнап ақындардың өлеңдерін жолдайды. Сынып жетекшісі: Чамкарова А.Б.
Бүгінгі мерекең құтты болсын, мәртебелі тіл!!!
22
қыркүйек
2021
Бүгінгі мерекең құтты болсын, мәртебелі тіл!!!
Бүгінгі мерекең құтты болсын, мәртебелі тіл!!! Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі! Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар.Тіл — халықтың сан ғасырлық тарихы. Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің жас ұстаздары қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер
Үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
21
қыркүйек
2021
Үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
Жетісу ауданы, N2  ЖББМ Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігі "Тілдер күні" және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізіліп жатқан "Тіл деген алып мұхит, түбі терең" атты онкүндігі аясында оқушылар арасында  үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  Мақсаты: оқушылар бойына тілге деген құрметті арттыру, үш тілде сауатты сөйлеуге баулу.
9-11 сынып оқушыларымен оқу жаттығуы жүргізілді.
21
қыркүйек
2021
9-11 сынып оқушыларымен оқу жаттығуы жүргізілді.
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 9-11 сынып оқушыларына "төтенше жағдайлардың алдын алу", "жер сілкінісі кезіндегі қорғану шараларын жүргізу" мақсатында оқу жаттығуы (сейсмотренировка) өткізілді.
«Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
20
қыркүйек
2021
«Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің «Адал Ұрпақ» ұйымына «Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата отырып, олардың алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігін түсіну.  Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
"Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады
20
қыркүйек
2021
"Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте "Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады.  "Адалдық дүкеніне" талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген әр оқушы оның ақысын арнайы ыдысқа салып, өз-өзіне қызмет атқарады.  "Адалдық дүкенінің" мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілікті дамыта отырып, адал болуға тәрбиелеу. "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшісі 10 "Б" сынып оқушысы Қалиманова Ақбота оқушыларды адал болуға, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет" қалыптастыруға шақырады.
"Электр тогынан зақымданудың алдын-алу"
17
қыркүйек
2021
"Электр тогынан зақымданудың алдын-алу"
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп оқушыларына "Электр тогынан зақымданудың алдын-алу" мақсатында сыныптан тыс сабақтар өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға электр тогын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.