Последние публикации на сайте » Страница 145 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 145
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті.
17
қыркүйек
2020
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті. Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Мектеп формасына талаптар; 2. Қашықтықтан оқыту ережелері; 3. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру платформалары; 4. Қашықтықтан оқыту кезіндегі баланың оқу режимі және демалысы; 5. Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау; 6. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас псхологиясы; 7. Қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері; 8. Әр түрлі мәселелер
"Түнгі қаладағы балалар"
14
қыркүйек
2020
"Түнгі қаладағы балалар"
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігінің хатына сәйкес "Түнгі қаладағы балалар"  дәстүрлі республикалық акциясы бойынша Жетісу ауданы #2 ЖББ  мектеп мұғалімдері 10.09-30.09 күндері 18:00-20:00 уақыт аралығында мектеп оқушыларының бос уақытын қайда өткізетінін анықтау мақсатында кезекшілік рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейд кезінде Орталық мешіт, көк базар, "Саяхат" автобекетінің маңайы, "ойын-сауық клубтарының" маңайы, "Арбат" демалыс
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
08
қыркүйек
2020
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды. Телеграм желісі арқылы өткен онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 51%-ын жинаған 10 "Б" сынып оқушысы Исағали Әліби мектеп президенті болып сайланды! Сайлауға, онлайн түрде 247 адам қатысты! Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Мектепттің 8-11 сынып оқушыларына "Әль-Фарабиге 1150 жыл" , "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
01
қыркүйек
2020
Мектепттің 8-11 сынып оқушыларына "Әль-Фарабиге 1150 жыл" , "Мамандық
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепттің 8-11 сынып оқушыларына "Әль-Фарабиге 1150 жыл" , "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Аль-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
01
қыркүйек
2020
Мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
01
қыркүйек
2020
Мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді.
29
тамыз
2020
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді. Педагогикалық Кеңесте сабақ беру платформасы, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау,  ата-анамен үнемі байланыста болу мәселелері талқыланып, мектеп басшысы былтырғы оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына дайындықты кушейтуді тапсырды.
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
28
тамыз
2020
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор
"Мектепке жол" акциясы бойынша Алматы қаласы Маслихатының Жетісу ауданы бойынша депутаты Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлының Азизбекова Лиза Касымовна мектебіміздің әлеуметтік аз қамтылған отбасының оқушыларына 5 сөмке, 3 планшет сыйға тартты. Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында кіріспе сабақтар өткізілді.
25
тамыз
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында кіріспе сабақтар өткізілді.
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында Омарова Гүлназ 5 "А" сыныбына информатика пәнінен, Бейсенбай Гүлназ 5 "Б" сыныбына ағылшын тілі, Ақтоты Рысқұл 10 "Б" сыныбына ағылшын тілі, Аман Мөлдір 5 "А" сыныбына тарих пәні, Сеитова Айгүл 8 "Б" сыныбына биология пәнінен өткенді қайталау, таныстыру, кіріспе сабақтарын өткізді.