“Қалдықсыз болашақ” көрме-сайысы өтті
Қазанның 23-шы жұлдызында Дарындылар апталығы аясында мектебімізде “Қалдықсыз болашақ” көрме-сайысы өтті. Жоба мақсаты: қалдық өнімдерге екінші өмір сыйлау арқылы, қалдықты азайту. Оқушылардың жасап әкелген жұмыстарына қарап, жоба мақсатына жетті деп ойлаймыз! Ең жүйрік болған 8 “А” сынып оқушысы Қымбат Алиқұл І орынға ие болды. Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻 Барлық қатысқан оқушыларға сәттілік және толағай табыстар тілейміз! Ұйымдастырушы: биология пәні мұғалімі, магистр Мақсот Аяулым Бесланқызы