Последние публикации на сайте » Страница 60 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 60
"Сейсмо-жаттығу" өткізілді.
02
желтоқсан
2022
"Сейсмо-жаттығу" өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұстаздарға және 1-11 сынып оқушыларына жалпықалалық "Сейсмо-жаттығу" өткізілді. Оқушылар "Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары" (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптар бойынша сурет салды.  Әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге алып шықты.
8-11 сынып қыздары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
01
желтоқсан
2022
8-11 сынып қыздары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының  Спорт Министрі Рүстемқызы Назым  дене шынықтыру пәні мұғалімі Байғондыұлы Ә. жетекшілігімен  8-11 сынып қыздары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша: І-орын: 10 «Б» сынып ІІ-орын: 8 «Б» сынып ІІІ-орын: 10 «А» сынып марапатталды.
8-11 сынып ұлдары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды
01
желтоқсан
2022
8-11 сынып ұлдары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының  Спорт Министрі Аширов Ерхан  дене шынықтыру пәні мұғалімі Байғондыұлы Ә. жетекшілігімен  8-11 сынып ұлдары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша: І-орын: 10 сынып ІІ-орын: 11 сынып ІІІ-орын: 9 «А» сынып марапатталды.
«Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу»
01
желтоқсан
2022
«Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу»
Мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларымен дәрігер нарколог Нурсеитова Жанара Бексултановна «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
"Квадрат теңдеулерді шешу" тақырыбында (БIРЛЕСКЕН  САБАҚ-СОВМЕСТНЫЙ УРОК- JOINT LESSON)" өткізілді.
30
қараша
2022
"Квадрат теңдеулерді шешу" тақырыбында (БIРЛЕСКЕН САБАҚ-СОВМЕСТНЫЙ
МАТЕМАТИКА пәнінен     8 "А", 9 "Б" сынып оқушыларына "Квадрат теңдеулерді шешу" тақырыбында (БIРЛЕСКЕН  САБАҚ-СОВМЕСТНЫЙ УРОК- JOINT LESSON)" өткізілді.   Оқу мақсаты: Квадрат теңдеулерді шешу. Дамыған мемлекетерде тәжірибиеде  JOINT LESSON сабағының (жас ерекшеліктеріне сәйкес, әр сыныпта отырған оқушылардан құралған топ жұмысы) қолдану тиімділігі жоғары.    JOINT LESSON сабағында- жас ерекшеліктеріне сәйкес, әр сыныпта отырған оқушылардың   сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық
6 "Б" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді.
30
қараша
2022
6 "Б" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді.
“Үштілділік-жаһандану заманның талабы“ атты 21.11-29.11.2022 жыл аралығындағы жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығы аясында математика пәні мұғалімі Арайлым Керімбекқызы  6 "Б" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді.   Сабақ  тақырыбы: «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» Сабақтың мақсаты:  -Рационал сандарды қосуды меңгереді -Рационал сандарды азайтуды меңгереді -Рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындайды
"ЖИТС - ғасыр індеті"
29
қараша
2022
"ЖИТС - ғасыр індеті"
Мектебіміздің 5-11 сынып оқущыларына "ЖИТС - ғасыр індеті" тақырыбында тәрбие сағатты өткізілді.  Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
"Жолда жүру ережесін білеміз бе?"
29
қараша
2022
"Жолда жүру ережесін білеміз бе?"
Мектебіміздің  1-4 сынып оқушыларына "Жолда жүру ережесін білеміз бе?" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
10 "А" сынып оқушыларына "Химиялық реакция жылдамдығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
29
қараша
2022
10 "А" сынып оқушыларына "Химиялық реакция жылдамдығы" тақырыбында
«Үштілділік – жаһандану заманының талабы» атты 21.11-29.11.2022 жыл аралығындағы жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығы аясында химия пәні мұғалімі Танкаева Имана Хаджимаратқызы 10 "А" сынып оқушыларына "Химиялық реакция жылдамдығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция жылдамдығын қарастыру; Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін реакция жылдамдығының теңдеуін білу: