"Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін!" атты салтанатты
Бүгін мектебімізде ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін!" атты салтанатты мерекелік жиын өткізілді. Мектеп оқушылары әр ұлттың киідерін киіп, салт-дәстүрлерін дәріптеп, әр ұлттың әнін айтып, биін биледі. Жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар бейбітшілік жасасын!!! Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!