Последние публикации на сайте » Страница 84 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 84
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
наурыз
2022
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз - Алғыс айту күніне арнап мектебіміздің 7 "А", 7  "Б" сынып оқушылары таңертеңгісін оқушыларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, барша ұстаздарға, оқушыларға, достарына алғыстарын білдірді.  Сынып жетекшілері: Аталыкова Г.Д, Танкаева И.Х.
Азаматтық қорғаныс күні
01
наурыз
2022
Азаматтық қорғаныс күні
1 наурыз - Азаматтық қорғаныс күніне арнап АӘД мұғалімі Ибраимов Қ.Р оқушыларға «Төтенше жағдайлардың алдын алу - Жер сілкіну кезіндегі қорғану шараларын жүргізу» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізді.
ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
28
ақпан
2022
ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Қалдыбек Дидарбек бокстан өткен қалалық жарысқа қатысып ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз!
Жүлделі орындармен марапатталды!
28
ақпан
2022
Жүлделі орындармен марапатталды!
Мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары "Кенгуру" математикалық байқауына, "Көркем жазу" байқауына, Мұқағали оқуларына, "Көркем сөз оқу шебері", "Әдемі әріптер" байқауларына қатысып жүлделі орындармен марапатталды! Сынып жетекші: Тасирова С.Т Құттықтаймыз!
Дөңгелек үстел өткізілді.
25
ақпан
2022
Дөңгелек үстел өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшісі Қалиманова Ақбота 5 "А" сынып оқушыларына "Кең болсаң, кем болмайсың" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Ақбота оқушыларға адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық қасиеттерін түсіндіре отырып, оқушылардың ойларын ортаға салды.  Оқушылар "адалдық" сөзінің мағынасын кеңінен тарқатып, өз достары арасында мысалдар келтірді. Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
25
ақпан
2022
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Жетісу аудандық Төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес, 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай №2 ЖББ мектеп оқушылары суреттер салып, онлайн көрме жасады.
№ 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда.
24
ақпан
2022
№ 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда.
Жетісу ауданы, № 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда. «Адалдық дүкеніне» талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген оқушы оның ақысын арнайы ыдысқа салып, өз-өзіне қызмет атқарады.  «Адалдық дүкенінің» мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілікті дамыта отырып, адал болуға тәрбиелеу. «Адал Ұрпақ» ұйымының жетекшілері Сейдалы Бейбарыс және Қалиманова Ақбота оқушыларды адал болуға, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет» қалыптастыруға шақырады.
Тойкулова Б .А  1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді .
24
ақпан
2022
Тойкулова Б .А 1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық
"Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған " атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Тойкулова Б .А  1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді . Сабақтың тақырыбы: "Уақыттың адам өміріндегі маңызы" Мақсаты: Уақыттың  маңыздылығын ашу, өлшем бірліктерін  үйрету.
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді.
23
ақпан
2022
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ
"Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Есімдік" Мақсаты: Есімдік туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру, есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, есімдіктің тілімізде атқаратын қызметін анықтау, оқушыларды есімдікті сөйлеу тілдерінде қолдана білуге үйрету.