Елбасымызға 100 күн! » 2 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №2»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Бухгалтерия
+7(727) 390-69-45
Версия для
слабовидящих
» » Елбасымызға 100 күн!
19
сентябрь
2019

Елбасымызға 100 күн!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды.
 Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 1953 жылы 17 майда Алматыда туған. Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды. 
1999 жылдың мартында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған. 2002 жылдың январьында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007-2011 жылдар аралығында ҚР Парламенті сенатының төрағасы қызметін атқарды. 2011 жылдың мартында Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың 16 октябрьынан бері – Парламент сенатының төрағасы. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.