17 март – Шаңырақ Шаңырақ – материалдық және рухани мұраның символы » 2 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №2»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Бухгалтерия
+7(727) 390-69-45
Версия для
слабовидящих
» » 17 март – Шаңырақ Шаңырақ – материалдық және рухани мұраның символы
17
март
2024

17 март – Шаңырақ Шаңырақ – материалдық және рухани мұраның символы

17 март – Шаңырақ
Шаңырақ – материалдық және рухани мұраның символы

Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған. 
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Қазақ дүниетанымында шаңырақ – шеңбердің символы, яғни кім-кімді де кемсітпей өз ортасына қабылдай алу қабілетін білдіреді. Жаһандық тұрғыдан алғанда, шаңырақ ұлттық сана-сезімдегі ел, мемлекет ұғымын бейнелейді, сондықтан да ол елтаңбаның жүрегінде орналасқан. Ендеше, осы мереке күндері шаңыраққа ерекше көңіл бөлінетіні түсінікті жайт болса керек.
Март – туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге  үндейтін отбасылық мереке. Бұл – әрбірімізге жақын әрі бәрімізді бірік