Школьникам » Страница 8 » 2 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №2»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Бухгалтерия
+7(727) 390-69-45
Версия для
слабовидящих
» » Страница 8
Мектеп инспекторы Асылова А.А түсіндірме жұмысын жүргізді.
15
март
2023
Мектеп инспекторы Асылова А.А түсіндірме жұмысын жүргізді.
«Редан ЖӘК» ( Редан жекеменшік әскери компаниясы) туралы ақпарат ғаламтор желілерінде тарай бастауына байланысты мектебіміздің оқушыларына мектеп инспекторы Асылова А.А түсіндірме жұмысын жүргізді.
"Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары"
14
март
2023
"Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары"
Алматы қаласының төтенше жағдай Департаменті Азаматтық қорғаныс күніне орай "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары аясында №2 ЖББМ 4 "А" сынып оқушыларына "Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ІІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы
13
март
2023
ІІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы
8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «М.Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «ЖЫР ЭСТАФЕТАСЫ» номинациясының және ІІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталды! Жетекші: Сүлейменова Гүлнар Зинабытовна
BALA JARYS өнер байқауы
10
март
2023
BALA JARYS өнер байқауы
Республикалық жасөспірімдер мен ересектерге арналған BALA JARYS өнер байқауына мектебіміздің өнерлі 7 "А" сынып оқушысы ҚҰРМАН АЯЛА қатысып,  ІІ ОРЫНмен марапатталды! Құттықтаймыз!
Оқушы жетістіктері
09
март
2023
Оқушы жетістіктері
Бекзат бокс клубының жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде І ОРЫНмен мектебіміздің 7 "А" сынып оқушылары ҚАЛАМҚАН АЛДИЯР, ЕСТЕМЕС ЖАНГЕЛДІ марапатталды! Құттықтаймыз!
8 март - Халықаралық әйелдер күні
08
март
2023
8 март - Халықаралық әйелдер күні
8 март - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің ер мұғалімдері, және оқушылары таңертеңісін асыл жанды ару мұғалімдер мен оқушыларды мерекелік көңіл күймен қарсы алып, ән шырқады.
BALA JARYS өнер байқауын
07
март
2023
BALA JARYS өнер байқауын
Республикалық жасөспірімдер мен ересектерге арналған BALA JARYS өнер байқауына мектебіміздің өнерлі оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. І ОРЫН - 3 "Б" сынып оқушысы АБУАНИПА ТӘНЗИЛЛӘ; ІІ ОРЫН- 6 "А" сынып оқушысы ТОҚТАШ ЛӘЙЛІ; ІІ ОРЫН -  8 "А" сынып оқушысы СӘРСЕНБАЙ БАЛАУСА  марапатталды! Жетекші: музыка пәні мұғалімі Таджбагамбетова Ш.Д
"Samurai Open 2023" жекпе-жегіне қатысып І Орындармен марапатталды!
06
март
2023
"Samurai Open 2023" жекпе-жегіне қатысып І Орындармен марапатталды!
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Тұрсынбек Қасымжомарт, 3 "Б" сынып оқушысы Тұрсынбек Бекболат "Samurai Open 2023" жекпе-жегіне қатысып І Орындармен марапатталды! Құттықтаймыз!
2 "Б" сынып оқушылары ашық сабақ өткізді.
03
март
2023
2 "Б" сынып оқушылары ашық сабақ өткізді.
"Бастауышым-бастамам, Білім жолын бастаған" атты бастауыш сыныптар апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі   Тойкулова Б.А  2 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен "Жалқы есім және жалпы есім" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақтың мақсаты: зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу түрлерін сақтау.
"Сейсмо-жаттығу"
01
март
2023
"Сейсмо-жаттығу"
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте  төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына жалпықалалық "Сейсмо-жаттығу" өткізілді.  Әр сынып жетекші сынып туралы рапорт беріп, оқушылар "Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары" (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптар бойынша сурет салды.  Әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге алып шықты. Мектеп оқушылары алғашқы көмек қалай жасалатынын көрсетті.