Родителям » Страница 4 » 2 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №2»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Бухгалтерия
+7(727) 390-69-45
Версия для
слабовидящих
» » Страница 4
Игілікті істер жасау
18
октябрь
2022
Игілікті істер жасау
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қайырымдылық жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оқушылар қазіргі қоғамға осындай игілікті істер жасау арқылы еліміздің болашағы жарқын болуына үлес қосуда.  Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
"Қарттарым - асыл қазынам!"
12
октябрь
2022
"Қарттарым - асыл қазынам!"
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепішілік жоспарға сәйкес қарттар айлығына орай "Қарттарым - асыл қазынам!" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге әр сынып оқушыларынан бір қария келіп қатысып, қазыналы қарттарымызға ақ жаулық жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Ұйымдастыруышы: 7 сынып оқушылары. Жетекшілері: Туралиева Г.М Бейсенбай Г.Ш Сикибаева Ш.Қ
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
23
сентябрь
2022
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар:  1.    1-4 сыныптар «Баланың бас ұстазы – ата-ана» ;2.    5-7 сыныптар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» ;3.    8-9 сыныптар «Ата-ана мен балалар арасында қарым-қатынас»;4.     10-11 сыныптар «Отбасы – Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі».
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді.
23
сентябрь
2022
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс
Мектеп психологі Қуаныш А.Е және 1 "Ә" сынып жетекшісі Чамкарова А.Б  “Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Ата-аналардың және мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың мектепке бейімделуіне үш жақты көмек көрсету.
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
14
сентябрь
2022
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің 4 "А", 4 "Б" сыныптары арасында "Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаттары: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ата – аналар мен мектептің арасындағы
1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
02
сентябрь
2022
1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Биылғы 2022-2023 оқу жылында мемлекет тарапынан 1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.  Меню по питанию асхана бұрышына ілінген, сыныптардың тамақтану кестесі бар.  Мектеп басшысы Отепбекова Б.М тамақтың сапасын, құна рлылығын, дайындалуын бақылауда ұстауда.
Білім күнімен құттықтаймыз!
01
сентябрь
2022
Білім күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!  Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айавгуст!
26
август
2022
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айавгуст!
Мектебіміздің көп балалы отбасынан шыққан 1 сынып бүлдіршіндері Жетісу аудандық әкімдігі демеушілері атынан мектеп формасы, аяқ киім, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді. Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айавгуст!
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
17
август
2022
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мектеп ұстаздары әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға кеңсе тауарларын сыйға тартты.  Демеуші ұстаздарға алғыс білдіреміз!
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
16
август
2022
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте 1 сынып бүлдіршіндерін оқуға дайындау, баланың тұлғасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша сабақтар жүргізілуде.