Материалы за Қаңтар 2021 года » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қаңтар 2021 года
"Менің бизнес жоспарым"  тақырыбында   тренинг сабақ өткізілді.
29
қаңтар
2021
"Менің бизнес жоспарым" тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінен "Менің бизнес жоспарым"  тақырыбында  қызықты идеялармен бөлісу мақсатында тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру.Кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу. Өткізген: Идирисов Р.Е, Бақытбекқызы С.
"АЛМАТЫ ДАРЫНЫ"
29
қаңтар
2021
"АЛМАТЫ ДАРЫНЫ"
Алматы қаласы Білім басқармасының "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Зерде" қалалық 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі секциясы бойынша  N2 ЖББМ 2 сынып оқушысы Пернехан Тамирис, 4 сынып оқушысы Нәжәтбекұлы Ибраһим марапатталады! Құттықтаймыз!!!
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндігінің жабылуы
28
қаңтар
2021
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылуы
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндігінің жабылуында "Жаратылыстану әлемінде" атты білімділер байқауы өткізіліп, онкүндіктің қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді.
28
қаңтар
2021
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді. Жиналыста мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары мен Алтын белгі мен қызыл аттестатқа үміткер оқушылардың білім деңгейлері талқыланып, пән мұғалімдеріне тапсырмалар берілді.
"Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
27
қаңтар
2021
"Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында биология пәні мұғалімі Меңдыбаева С.Е 10 "Б" сынып оқушыларына "Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу.
"Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
26
қаңтар
2021
"Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында информатика пәні мұғалімі Жылғамбаева А.Б 5 "Б" сынып оқушыларына "Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ата-аналар жиналысы өткізілді
23
қаңтар
2021
Ата-аналар жиналысы өткізілді
Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес мектепішілік ата-налар жиналысы өткізілді.  Күн тәртібінде:  📚Қашықтан оқыту кезіндегі қиыншылықтар мен көкейкесті мәселелер; 📚2 тоқсанның қорытындысы мен 3 тоқсанның ерекшеліктері; 📚Бала тәрбиесіндегі ата аналардың атқаратын рөлі. Тәрбие жұмысын күшейту;  📚Баланың бос уақытын тиімді пайдалану;  📚 Әр түрлі мәселелер.
"Жас ғалымдар"
23
қаңтар
2021
"Жас ғалымдар"
Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында  "Жас ғалымдар" ғылыми жобасы өткізілді. Мақсаты. оқу зерттеуі, ғылыми зерттеу және зерттеу іс-әрекетінің жобалау жайлы түсінік қалыптастыру.
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
22
қаңтар
2021
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр. Осы орайда мектебіміздің "Адал Ұрпақ" ұйымына "Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет.
" Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы"
22
қаңтар
2021
" Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы"
Мектебіміздің 4" А" сыныбына  Бейсенбай Г.Ш  ата- аналар арасында   " Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы" тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабаққа оқушылар мен ата- аналар белсенділікпен  қатысып, кері байланыс жасап отырды.