Материалы за 06.01.2021 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 06.01.2021
Оқушы жетістіктері
06
қаңтар
2021
Оқушы жетістіктері
Дарынды бала-Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды бала» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты шығармашылық байқауына «Гүлдене бер, Қазақстаным» номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Құрман Аяла, 2 сынып оқушысы Құрман Рания, 6 сынып оқушысы Бақдаулет Таңнұр, Қалиман Аяжан қатысып, ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Жетекшілері: Торгаева Н.Б, Бақытбекқызы
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
06
қаңтар
2021
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
Жетісу ауданы N2 ЖББ мектепте санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестіктердің жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер: 1. ІІ тоқсанның қорытындысы; 2. Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдер; 3. Мемлекеттік емтиханға 9,11 сынып оқушыларының дайындығы және үлгерімі; 4. Ағымдағы мәселелер. Жиналыста осы мәселелер қаралып, ұсыныстар жасалынды. 
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мақала жариялады
06
қаңтар
2021
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мақала жариялады
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Саян Мұратбекұлы мен Әбділлә Байғондыұлының "Дене тәрбиесінің жаршысы" ғылыми-практикалық журналына "Дене жаттығулары мен тиімділікті арттыру процесі", "Оқушыларды бастапқы қимыл қозғалысына үйрету тиімділігін арттыру" тақырыптарындағы мақалалары жарияланды.