Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Тамыз 2025 года
N1 педагогикалық кеңес
29
тамыз
2025
N1 педагогикалық кеңес
Жетісу ауданы N2 жалпы білім беретін мектепте 29.08.2025ж «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» атты N1 педагогикалық кеңес өтті. КҮН ТӘРТІБІ: 1.  Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы. 2.  Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. 3.  Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.  #oqu_agartu_ministrligi #2жбб #жетісуауданы
"Мектепке жол” акциясы бойынша мақала
28
тамыз
2025
"Мектепке жол” акциясы бойынша мақала
"Мектепке жол” акциясы бойынша мақала:  «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық журналының  №08-(71-1221-журнал)  тамыз 2025 жыл Мақала атауы: «Мектепке жол» – республикалық қайырымдылық акциясы Мақала авторы: №2 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогы – С.Е.Мендыбаева
Конституция күні
25
тамыз
2025
Конституция күні
Конституция күні – халқымыздың ең қастерлі мерекелерінің бірі. 1995 жылы қабылданған Ата Заң – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және демократиялық даму бағытын айқындаған негізгі құжат. Бұл күн – әрбір азамат үшін құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін еске салады. Конституцияға деген құрмет – өз еліңе, тарихыңа, болашағыңа деген құрмет. #конституциякүні #атазаң #адалұрпақ
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтілуде.
22
тамыз
2025
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтілуде.
Биыл Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтілуде. Абай Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен философ.
«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты тамыз секциясы
21
тамыз
2025
«Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты тамыз секциясы
2025 жылдың 21 тамызында Алматы қаласы Алматы қаласы ББ ҚББЖТҒӘО «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» бөлімі Алатау ауданының инновациялық шығармашылық орталығының базасында «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» атты тамыз секциясын өткізді, оған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбілжан Мөлдір Әбілжанқызы қатысты. #Almaty_Adalazamat #алматы_адалазамат
Мектебімізде “Мектепке жол” акциясы жүруде
08
тамыз
2025
Мектебімізде “Мектепке жол” акциясы жүруде
Алматы қаласы, Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінде жыл сайынғы дәстүрге айналған “Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы басталды. Акцияға демеуші мұғалімдер тарапынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға кеңсе тауарлары салынған рюкзактар сыйға тартылды.