Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шахматтан І орын жарайсыңдар!
11
желтоқсан
2025

Шахматтан І орын жарайсыңдар!

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында
8–10 сынып оқушылары арасында аудандық шахмат жарысы өтті.

Бұл сайысқа Жетісу ауданының №2, №3, №143, №102, №103 мектептерінен  келген жас шахматшылар қатысып, өздерінің білімін, ойлау қабілетін, шеберлігін және логикалық дәлдігін көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар арасында қызықты да тартысты ойын өрбіді.

Осы жарыста №2 мектептің намысын қорғаған оқушылар ерекше көзге түсті.
9 “Б” сынып оқушысы Сатар Али — I орынды,
ал 9 “Б” сынып оқушысы Қуанышбек Мейіржан — II орынды жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті.

Жас спортшылардың бұл жетістігі – олардың табандылығының, еңбексүйгіштігінің және шахматқа деген қызығушылығының нәтижесі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулерін тілейміз! !