Қалалық экологиялық марафон – «Қоқыссыз мектеп»
🌱 Қалалық экологиялық марафон – «Қоқыссыз мектеп» 🌱 Қала күніне орай №2 жалпы білім беретін мектепте «Ескі қалдыққа – жаңа өмір!» атты ерекше көрме ұйымдастырылды. 🌍♻️ Бұл шараға 1-8 сынып оқушылары белсене қатысып, тұрмыстық қалдықтардан жасалған түрлі қолөнер бұйымдарын таныстырды. Оқушылардың шығармашылығы мен табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі көрмеден айқын байқалды. ✨ Мақсаты – табиғатты аялау, қалдықтарды тиімді қайта пайдалану және экологиялық мәдениетті дамыту. #ҚоқыссызМектеп