"Тәуелсіздік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
№2 жалпы білім беретін мектепте бүгін "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тәуелсіздіктің маңызын терең түсініп, патриоттық рухты дәріптеді. 🇰🇿✨ #oqu_agartu_ministrligi #gani_beisembayev #біртутас_тарбие #біртутас_тербие_алматы