"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
#2 жалпы білім беретін мектебімізде "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, интернет кеңістігінде өзін дұрыс және қауіпсіз ұстауға үйрету, жеке деректердің құпиялығын сақтау маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар цифрлық технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен қолдануға баулу.