Тілі басқа - тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір.
Мектебімізде "Тілі басқа - тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір" тақырыбында 4-10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында ауызекі сөйлеуге баулу.