ТАМЫЗ КЕҢЕСІ » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
19
тамыз
2020

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

🗂Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбында қашықтықтан І Жалпы республикалық Педагогикалық Кеңес өтті. 📝Педагогикалық Кеңестің мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету. ✅Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер: 📔1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары; 📕2. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау; 📗3. 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары; 📘4. Қашықтықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелері; а) Техникалық дайындық және жұмыс орны; б) Қашықтықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритімі; в) Педагог имиджі және этикетті сақтау; 📙5. Мектепте қашықтықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет платформасымен танысу; 📓6. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері; 📒7. Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек? Педагогикалық Кеңеске ұжым толық қатысты. Мектеп басшысы Бақытнұр Маденовна күн тәртібіндегі барлық мәселелермен педагогтерді таныстырды.