«Фан-дебат» турнирі АПФ форматы бойынша өткізілді. » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Фан-дебат» турнирі АПФ форматы бойынша өткізілді.
14
желтоқсан
2021

«Фан-дебат» турнирі АПФ форматы бойынша өткізілді.

🗓2021 жылдың 14 желтоқсан күні Жетісу ауданы, №2 ЖББМ «Болашақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Тәрбиеге қарағанда білім маңызды деп есептейді» тақырыбында мектепішілік «Фан-дебат» турнирі өткізілді.

📍Турнир мақсаты: оқушылар арасында шығармашылық әлеуетін іске асыру, азаматтық позицияны қалыптастыру. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, өзінің іс-әрекеті, дамуы үшін өзіне және қоғам алдындағы жауапкершілікті, коммуникативтік дағдыларды, актерлік қабілеттерді, шешендік өнерді, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау арқылы шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін шыңдап, қоғамдағы жағдайларды талқылау.

📌«Фан-дебат» турнирі АПФ форматы бойынша өткізілді. 

✅Турнирге «Сарын» тобы спикерлері Қойшыбай Қажымұрат және Турсунова Руфина, «Барыс» тобы спикерлері Беделханов Ерфат, Нурбекова Жасмина, «Жалын» тобы спикерлері Аширов Ерхан және Әділова Аида, «Талпын» тобы спикерлері Рүстемқызы Назым және Байтас Альбина қатысып, пікірсайықа түсті. 

📝«Фан-дебат» турнирінің қорытындысы бойынша топтарға дауыс беріліп, кемшіліктер мен ұсыныстар айтылып, орындар берілді.

🥇І орын – «Жалын» тобы;
🥈ІІ орын – «Барыс» тобы;
🥉ІІІ – орын «Сарын» тобы;
🥉ІІІ – орын «Талпын» тобы.

Дебат координаторы: Шалбаев Е.Е