16
ақпан
2022
Мектебіміздің "Ұлағат" әкелер клубының кезекті отырысы өтті
Мектебіміздің "Ұлағат" әкелер клубының кезекті отырысы өтіп, "Білім мен тәрбие егіз" тақырыбы талқыланды. Мектебіміздің ер мұғалімдері мен әкелер ер балаларды тәрбиелеу жолындағы ой-тәжірибиелерімен бөлісті.
Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.