Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы мектебімізде өткізілді. » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы мектебімізде өткізілді.
19
наурыз
2022

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы мектебімізде өткізілді.

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы мектебімізде өткізілді. Мереке керемет көңіл-күйге, думанды ән шашуға, мың бұралған билерге,  ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін салт-дәстүрлерге толы болып, әрбір көрерменнің рухында көктемді оятты.  Мектеп ұстаздары  қазақтың "Сырға салу", "Құда күту", "Бесікке бөлеу", "Тұсаукесер" салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұрпақты өнеге тәрбиеледі. Әр сыныпта молшылықты бейнелейтін ұлттық тағамдар қойылған дастархандар жайылды.

Наурыз мейрамы құтты болсын!
 Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!