Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
26
сәуір
2022

Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.

Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте Жетісу ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған "Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: 
• Білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жолдарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер етуін қарастыру.

Семинар барысында тарих пәні мұғалімі Сикибаева Ш.Қ 6 "А" сыныбына "Тәуке ханның тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құрылыстық жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Семинар барысында тарих пәні мұғалімі Шалбаев Е.Е  5 "А" сыныбына "Қазақстан аумағындағы ежелгі сарматтар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Семинар барысында тарих пәні мұғалімі Ауталипова А.Е, мектеп психологі Қуаныш А.Е "Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - бүгінгі заман талабы" тақырыбында коучинг-тренинг өткізді.