Жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда
03
маусым
2022

Жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда

Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 240 бұйрығына, сондай-ақ Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.04.2022 жылғы № 159 бұйрығына сәйкес «Пандемия, шектеу шаралары кезеңіндегі оқушы біліміндегі олқылықтарды жою және оқыту сапасын арттыру мақсатында 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында 1-8, 10 сынып оқушылары үшін жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды.
 
Мақсаты : карантиндік шектеу шаралары кезеңіндегі оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, білім сапасын арттыру.
 Міндеттері:
    оқушылардың оқуға ынтасын арттыру;    оқушыларда оқу (және басқа да) жүктемесін тиімді орындау үшін қажетті өзін-өзі реттеу жүйесін қалыптастыру;    оқушылардың тұлғалық дамуы мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін қарым-қатынас, ойлау және іс-әрекет түрлерін қолдану.