21
қараша
2022
" Ең үздік математиктер"
«Үштілділік – жаһандану заманының талабы» атты 21.11-29.11.2022 жыл аралығындағы жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығы аясында математика пәні мұғалімдері Абдуллаева К.М., Журынова Ф.Т. 10-11 сынып оқушылар арасында " Ең үздік математиктер" тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Мақсаты: Үштілділік – жаһандану заманының талабына сай, оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, термин сөздерді дұрыс пайдалану, функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзырлылығын дамыту. Оқушылардың математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру. Танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру.
