13
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» тарихи-танымдық сайыс өткізді.
«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнідерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Еримбетова М.Д, Сүлейменова Г.З 10 "А", "Б" сынып оқушыларына «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» тарихи-танымдық сайыс өткізді. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау, қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.