29
желтоқсан
2023
ОҚУ — ӨЗГЕНІ ДЕ, ӨЗІҢДІ ДЕ ТАНУ
ОҚУ — ӨЗГЕНІ ДЕ, ӨЗІҢДІ ДЕ ТАНУ
Халқымыз өнер мен білімді ерекше қастерлеген. Бүгінгі таңда адамзат алдындағы басты мақсат—білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал сол ұрпақ білімді қайдан алады?
Әрине, кітаптан.
Кітап адамға бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін азық бола алады.
Әдеби шығарманы оқу — өзгені тану арқылы өзіңді тануға жол ашатын сиқырлы әлем.
"Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" деп, ұлы Абай айтпақшы, мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасанда "Кітап—ғажайып әлем" тақырыбында оқырмандар сайысы өтті.
Іс-шараға ақын, философ, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, "Тұлға достық" қоғамдық қорының директоры, Ұлттық кітапхана жанындағы "Жас қалам" әдебиет әлемі орталығының меңгерушісі—Мұратхан Шоқан @muratkhanshokan мырза арнайы шақырылды.
Терең мағына мен сүбелі ойға толы сәулелі ақынның өнегелі сөздері оқушыларымыздың жүрегіне жол тапты.
Сайыс соңында мектеп директоры С.М.Алтыбаева үздік деп танылған қатысушыларды бағалы сыйлықтарымен марапаттап, дипломдар табыстады.
Бас жүлде 9 "Б" сынып оқушысы Қадыр Шұғыла, 1-орын 9 "А" сынып оқушысы Тұрсынбек Аяулым, 2-орын 9 "А" сынып оқушысы Бахташ Щұғыла, 2-орын 9 "А" сынып оқушысы Қосай Жаннұр, 3-орын 9 "Б" сынып оқушысы Қалиман Аяжан, 3-орын 9 "А" сынып оқушысы Хабибулла Нұрай иеленді.
Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.К.Умбетова, Ы.Б.Мырзабаева, Г.З.Сүлейменова.
Мерейімізді өсіретін мерейлі шәкірттеріміз көп болсын!