Әуе шарларының табиғатқа тигізер кері әсері » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әуе шарларының табиғатқа тигізер кері әсері
25
сәуір
2024

Әуе шарларының табиғатқа тигізер кері әсері

Бүгінде әлемнің көптеген дамыған елдерінде әуе шарларының табиғатқа тигізер кері әсері ескеріліп, олардың еркін сатылуына жол бермеу мақсатында нақты шаралар қолға алынған. Себебі, қоршаған ортаға әуе шарларынан төнетін қауіптің бар екендігін толық сеніммен айтуға болады. 
Мамандардың пайымдауынша, бұл шарлардан ауа-райы да ластануда. Жасыратыны жоқ, әуе шарларды тұрғындар көбіне мерекелік шараға қажет деп сатып алады. Көбіне шарларды аспанға ұшыру дәстүрі түрлі спорттық жарыстарда, жаппай жүгіру барысында, үйлену тойы кезінде пайдаланатындар бар. Бірақ мұндай әрекеттің соңы түптеп келгенде жануарлар әлеміне зиянын  тигізуде.
Бұл әуе шарларын пайдаланған адамдар инфекциялық ауруларды да  жұқтыруы мүмкін. Сондықтан да, шарларға тыйым салынатын заң біздің елге де ауадай қажет. 
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектеп түлектері әуе шарларын көкке ұшыруға тыйым салуды қолдайды.