06
мамыр
2024
«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты Жеңістің 79 жылдығына орай мерекелік концерт өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектепте 6 мамыр күні Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне арнап «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты Жеңістің 79 жылдығына орай мерекелік концерт өткізілді. Мерекеге соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, тыл ардагерлері Уразова Елена, Ахметказиев Асан, Нургазиева Шолпан, Кенжалиева Накеш, Мадымухамбетова Клара, Дүйсенбаева Сара, Ырымжанова Сара, Көпбаева Мариякул, Жунусова Сауле, Рузденова Нургайша шақырылып, ерекше құрмет көрсетілді. Ардагерлеріміз бен ұстаздарымыз осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Оқушылар патриоттық, жеңіс туралы әндер шырқап, би биледі. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен ерлердің даңқын оқушылар еш уақытта ұмытпайды



