Жалпы ата-аналар жиналысы өтті » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы өтті
13
қыркүйек
2024

Жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№2 ЖББ мектебінде 13.09.2024 ж.  “ТӘРБИЕ-ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтеді.
Күн тәртібінде: 
1.Оқу - тәрбие процесінің басты жаңалықтары
2.Мектеп формасын сақтау талаптары
3.Мектептің 2024-2025 оқу жылына арналған ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
4.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
5.Ағымдағы мәселелер
Мақсаты:
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектеп директорының м.а Алтыбаева Сәуле Мелдешқызы 2024-2025 оқу жылының басталуымен ата-аналарды құттықтап,жаңа оқу жылына арналған ішкі тәртіп ережелерімен таныстырады. Сонымен қатар отбасындағы тәрбиенің маңызды екенін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер аясында толық ақпараттар беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Ата- аналардың сұрақтарына жауап берілді.Ата-аналар жиналысы сәтті өтті.
Мектеп пен ата-ананың тығыз байлынысы-нәтижелі жұмыс кепілі. 
Жаңа оқу жылы сәтті болсын!💐