06
ақпан
2025
Мектебімізде “Жырлайды жүрек” атты кездесу кеші өтті.
Алматы қаласы Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте қасиетті жырдың Құлагері Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Жырлайды жүрек” атты кездесу кеші өтті. Поэзия падишасының мұрасын дәріптеген бұл шараның құрметті қонағы – қазақ әдебиетінің белгілі өкілі, өнертанушы, Мұқағалитанушы, професор,Қазақстан Республикасының Көркем академиясының академигі Шаяхмет Имашұлы, Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскері
Наймангелдиева Гүлшарат Қойшыбаевна және Венера Ғалымқызы болды. Кеште Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыған 85 қатысушының ішінен топ жарып шыққан жүйріктер мектеп директорының арнайы сыйымен марапатталды.
Кеш барысында Мұқағали жырларындағы ұлы мұраттар мен адамгершілік асыл қасиеттер, ақындықтың асқақ биігі туралы сыр шертілді. Шаяхмет Имашұлы өз ойымен бөлісіп, Мұқағали поэзиясының мәңгілік қуаты жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, оқушылар мен жас таланттар ақын өлеңдерін оқып, өз арнауларын арнады.
Бұл кездесу Мұқағали мұрасының өлмес рухын тағы бір мәрте дәлелдеп, жыр сүйер жүректерге үлкен серпін берді. Ақын сөзімен айтсақ:
“Жақсылық күліп келсе екен!”
Поэзияның құдіретін сезіндірген осындай кештер көп болғай!