Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»
01
қазан
2025

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»

Жетісу ауданының прокуратурасы бөлім прокуроры Мэллат Қаламқас Думанқызы 10-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» Құқықтық аспектілер мен жауапкершілік
— Заң бойынша есірткі заттарды сақтау, тарату, қолдану жөніндегі қылмыстық жауапкершілік. тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, заңды сақтау, құқық бұзушылықтың салдары мен оның болашағына тигізер әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді өз құқықтары мен міндеттерін білуге, қоғамда жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.Есірткі заттарын сақтау, тарату және қолдану секілді әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін нақты мысалдармен айтып, оқушыларды құқықтық жауапкершілік пен өз әрекеттеріне деген саналы көзқарасқа шақырды.

Бұл шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру және құқықбұзушылықтың алдын алу.