Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🍁 «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» 🍁
17
қазан
2025

🍁 «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» 🍁

17 қазан күні мектебімізде дәстүрлі «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» атты мерекелік бал кеші өтті.
Іс-шараға 2–4, 5–6 және 7–9 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Кеш бірнеше кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:

1️⃣ «Үздік Ханшайым мен Ханзада» кезеңінде оқушылар ертегі әлеміне еніп, сахналық қойылымдар арқылы өз образдарын таныстырды.

2️⃣ «Күзгі сән үлгісі – 2025» кезеңінде әр сынып табиғи материалдардан ерекше киім үлгілерін дайындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

3️⃣ «Күз өнерпазы» кезеңінде қатысушылар ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

4️⃣ «Күз бояуы» кезеңінде оқушылар өз қолымен салған суреттер мен қабырға газеттерін ұсынып, күздің әсем көрінісін бейнеледі.

5️⃣ «Күз шебері» кезеңінде жас шеберлер қолдан жасаған бұйымдары мен экебаналарын таныстырды.

Кеш соңында әр сынып түрлі номинациялар бойынша марапатталып, мерекелік балдың көркін одан әрі аша түсті. 🌟
✨ Барлық оқушыларға белсенді қатысқандары үшін үлкен рақмет айтамыз!
Алдағы күндеріңіз табысты болып, шығармашылық шабыт пен сәттілік серіктеріңіз болсын! 🌈