Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің бизнес жоспарым"  тақырыбында   тренинг сабақ өткізілді.
29
қаңтар
2021
"Менің бизнес жоспарым" тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнінен "Менің бизнес жоспарым"  тақырыбында  қызықты идеялармен бөлісу мақсатында тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру.Кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу. Өткізген: Идирисов Р.Е, Бақытбекқызы С.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндігінің жабылуы
28
қаңтар
2021
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің онкүндігінің жабылуы
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндігінің жабылуында "Жаратылыстану әлемінде" атты білімділер байқауы өткізіліп, онкүндіктің қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
"Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
27
қаңтар
2021
"Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында биология пәні мұғалімі Меңдыбаева С.Е 10 "Б" сынып оқушыларына "Модификациялық өзгергіштік" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу.
"Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
26
қаңтар
2021
"Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ
Ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында информатика пәні мұғалімі Жылғамбаева А.Б 5 "Б" сынып оқушыларына "Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Жас ғалымдар"
23
қаңтар
2021
"Жас ғалымдар"
Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында  "Жас ғалымдар" ғылыми жобасы өткізілді. Мақсаты. оқу зерттеуі, ғылыми зерттеу және зерттеу іс-әрекетінің жобалау жайлы түсінік қалыптастыру.
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
22
қаңтар
2021
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр. Осы орайда мектебіміздің "Адал Ұрпақ" ұйымына "Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет.
" Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы"
22
қаңтар
2021
" Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы"
Мектебіміздің 4" А" сыныбына  Бейсенбай Г.Ш  ата- аналар арасында   " Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңызы" тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабаққа оқушылар мен ата- аналар белсенділікпен  қатысып, кері байланыс жасап отырды.
7-11 сыныптар арасында ұлдар жиналысын өткізді.
22
қаңтар
2021
7-11 сыныптар арасында ұлдар жиналысын өткізді.
21.01.2021 күні "Айбын" ұлдар клубында "Ер жігіттің қасиеттері" тақырыбында  Абилкайров С.М, Байғондыұлы А, Эсимбеков Е.Қ  7-11 сыныптар арасында ұлдар жиналысын өткізді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы,  қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
" Leader 21/21" зияткерлік сайысы
21
қаңтар
2021
" Leader 21/21" зияткерлік сайысы
Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Білімді болу деген жаңалық ашуға қабілетті болу" атты  жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің  онкүндіктің аясында информатика пәні мұғалімі Омарова Г.М 10 сыныптар арасында " Leader 21/21" зияткерлік сайысын өткізді. Мақсаты: Алған білімдерін пысықтау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, танымдық дағдыларын дамыту, белсенділігін арттыру.
"Миллион кімге бұйырады?"
21
қаңтар
2021
"Миллион кімге бұйырады?"
Мектеп Президенті Исағали Әліби 9 сыныптар арасында оқушылардың білімін шыңдау мақсатында "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасын ұйымдастырды.  1-орын Бейсенбеков Абуясин 2-орын Нүсіпбай  Құдайберген 3-орын Турысбекова Еркежан  3-орын Есіркеп Арай 3-орын Жумалиева Милана 3-орын Эмет Жансая Жетекшісі: Назира Бакдаулетовна