Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушы жетістіктері
11
қаңтар
2021
Оқушы жетістіктері
"Лидер ХХІ века" Халықаралық инновациялық білім беру орталығының ұйымдастыруымен "Жаңа жыл -2021" қолөнерлер байқауына мектеп оқушылары Абдумалик Айзере, Құрман Рания, Құрман Аяла, Нугуманова Диана, Абдуллаева Гүлшана, Құрманбай Толғанай қатысып Дипломдармен марапатталды!!!
№3 Педагогикалық кеңес
08
қаңтар
2021
№3 Педагогикалық кеңес
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектепте 2021 жылдың 8 қаңтар күні №3 Педагогикалық кеңес өтті. Жиналыс барысында ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мониторинг жасалынып, мектеп басшысы кеткен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстар жүргізілуін тапсырды. ІІІ тоқсанға жоспар құрылып, 9,11 сынып оқушылары аралас оқыту форматына көшуін ұйымдастыру кезіндегі ережелер айтылды. Және жиналыста педагогикалық оқулар қаралды.
Работатехника. "Пайдалы ойындар".
07
қаңтар
2021
Работатехника. "Пайдалы ойындар".
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында ғылыми-техникалық бағыты бойынша "Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты информатика  пәні мұғалімі Жылғамбаева Айзат 4 сынып оқушыларымен онлайн тренинг өткізді.
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
06
қаңтар
2021
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
Жетісу ауданы N2 ЖББ мектепте санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестіктердің жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер: 1. ІІ тоқсанның қорытындысы; 2. Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдер; 3. Мемлекеттік емтиханға 9,11 сынып оқушыларының дайындығы және үлгерімі; 4. Ағымдағы мәселелер. Жиналыста осы мәселелер қаралып, ұсыныстар жасалынды. 
ТӘЛІП БАУЫРЖАН ТАУБАЛДЫҰЛЫМЕН онлайн кездесу
05
қаңтар
2021
ТӘЛІП БАУЫРЖАН ТАУБАЛДЫҰЛЫМЕН онлайн кездесу
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" қысқы каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Біз салауатты өмір салтын қорғаймыз" тақырыбында қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы ТӘЛІП БАУЫРЖАН ТАУБАЛДЫҰЛЫМЕН онлайн кездесу өткізді.
"Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл"
05
қаңтар
2021
"Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" қысқы каникул кезінде балалардың демалысындағы 4 "А" сыныбының отбасылық "Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл фото жобасы".
Информатикадан Республикалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды.
27
желтоқсан
2020
Информатикадан Республикалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды.
"Ustaz tilegi" Республикалық ғыдыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен информатика пәнінен 5 сыныптар арасында өткізілген олимпиадаға Дубасов И. Баймұрат Т. Амруллаева Д. Бекет Б. дипломдармен марапатталды. Жетекшісі:Омарова Г.М.
"Үздік педагог"
24
желтоқсан
2020
"Үздік педагог"
"Ustaz tilegi" Республикалық ғыдыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Үздік педагог" ұстаздар арасында олимпиадасына информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды
"Президент ұсынған 30 кітап"
22
желтоқсан
2020
"Президент ұсынған 30 кітап"
Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»,- деп айтқан Қасым Жомарт Тоқаев. Осыған орай мектеп оқушылары Президент ұсынған оқыған кітаптарынан ой-мазмұнынымен бөлісті.