Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас Қыран", "Жас Ұлан"
04
желтоқсан
2020
"Жас Қыран", "Жас Ұлан"
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында 2020 жылдың 4 желтоқсан күні Жетісу ауданы, #2 ЖББ мектептің кезекші 1-5 сынып оқушылары "Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.
Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
02
желтоқсан
2020
Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
" USTAZ TILEGI" Халықаралық  ғылыми-әдістемелігі орталығының ұйымдастыруымен Республикалық музыка пәнінен ұстаздар арасында өткен олимпиадаға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Рахымбай Абсаттарұлы қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионымен онлайн кездесу
30
қараша
2020
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионымен онлайн кездесу
Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған эстетика апталығының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдері  тоғызқұмалақтан  Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі  төреші, тоғызқұмалақтан Қазақстан  құрама командасының бас жаттықтырушысы - ЖАКАПБАЕВА АЙНҰР АБСАДЫҚҚЫЗЫ және  Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, тоғызқұмалақтан әлем чемпионы ДАЛИЕВА АСЕЛЬ ЕГІЗБАЙҚЫЗЫМЕН онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуге
“Bolashaq” пікірсайыс клубының онлайн ашылу рәсімі өтті.
26
қараша
2020
“Bolashaq” пікірсайыс клубының онлайн ашылу рәсімі өтті.
Алматы қаласы, Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес №2 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен алғаш рет “Bolashaq” пікірсайыс клубының онлайн ашылу рәсімі өтті. Мақсаты - рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, саяси сауатты, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал ету.
"Бауыржан   Момышұлы – соғысты   өз  көзімен  көрген  жазушы" тақырыбында оқушылар арасында сурет көрмесі өтті
24
қараша
2020
"Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы"
Бауыржан   Момышұлы – соғысты   өз  көзімен  көрген  жазушы.  Ол – суреткер. Батыр  Бауыржанның  айтар  ойы, жазар  тақырыбы – соғыс  шындығы. Ол  өз   шығармасының кейіпкері, өзінің  образдарымен  тұтасып  кеткен  тұлға. Барлық  оқиғалардың  бел  ортасында  өзі  болғандықтан  автор  әнгімені  өз  атынан  айтады. Ол сырт  бақылаушы  емес, белсенді  қатысушы.
«Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті.
23
қараша
2020
«Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті.
Эстетика бірлестігінің «Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Эстетика бірлестігі «Елім менің» әнін бірге шырқап, Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін жас ұрпаққа насихаттады.
"Абай - дана, Абай - дара қазақта"
18
қараша
2020
"Абай - дана, Абай - дара қазақта"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жалпыадамзаттық Құндылықтар күнін өткізу аясында рухани-адамгершілік тәрбие бағытына мектеп кітапханашысы Алдиярова Г.Б кезекші сынып оқушыларына ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өміріне шолу жасап,  баяндама оқыды. Және "Абай - дана, Абай - дара қазақта" тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
16
қараша
2020
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы шеңберінде "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігіне арнап мектеп оқушылары сурет көрмесін өткізді. Оқушылар осы тақырыпта сурет салу арқылы мейірімді болуға, адами құндылықтарды бойына сіңіруге, әдепті, тәртіпті болып өсуге, отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға  үйренеді.
"Өзіңді қорға"
14
қараша
2020
"Өзіңді қорға"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - күзгі интерактив" күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында құқықтық бағыты бойынша стақырыбында құқық негіздері пәнінің мұғалімдері Сикибаева Ш, Аман М.Н мектеп оқушыларымен онлайн сабақ өткізді.
ІІ Педагогикалық Кеңес отырысы
12
қараша
2020
ІІ Педагогикалық Кеңес отырысы
2020 жылдың 12 қараша күні Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте І тоқсанның қорытындысы бойынша ІІ Педагогикалық Кеңес отырысы өтті.