Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз салауатты өмір салтын қолданамыз"  әлем чемпионы Қыдырбаев Жасұлан Балғабайұлымен онлайн кездесу өтті.
12
қараша
2020
"Біз салауатты өмір салтын қолданамыз" әлем чемпионы Қыдырбаев
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары- күзгі интерактив" күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыру мақсатында спорт бағыты бойынша "Біз салауатты өмір салтын қолданамыз" тақырыбында мектеп ұстаздары және оқушыларымен қазақтан шыққан тұңғыш ауыр атлетикадан әлем чемпионы Қыдырбаев Жасұлан Балғабайұлымен онлайн кездесу өтті.
"Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты
11
қараша
2020
"Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - күзгі интерактив" күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында ғылыми-техникалық бағыты бойынша "Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты информатика  пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы 3-11 сынып оқушыларымен онлайн тренинг өткізді.
І тоқсан қорытындысы
11
қараша
2020
І тоқсан қорытындысы
2020 жылдың 11 қараша күні мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестік жетекшілерінің  ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиналыста І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын талқылап, қашықтықтан оқыту барысында кеткен кемшіліктер мен түзетулерге бірлесіп жоспар жасалды.
"Жоғарғы оқу орнын таңдауға ашық есік күні"
10
қараша
2020
"Жоғарғы оқу орнын таңдауға ашық есік күні"
2020 жылдың 10 қараша күні мектеп бітіруші түлектерімізге с онлайн-форум семинар өтті. Мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.
Әдістемелік бірлестіктердің жиналыстары өтті
10
қараша
2020
Әдістемелік бірлестіктердің жиналыстары өтті
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып әдістемелік бірлестіктердің жиналыстары өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1.  І тоқсанның қорытындысы; 2. 2020-2025 ж оқу бағдарламасы; 3. Қашықтан оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдер; 4. Ағымдағы мәселелер.
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
09
қараша
2020
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - күзгі интерактив" күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында мектеп оқушылары "Қазақстан - менің Отаным" тақырыбында онлайн сурет көрмесін өткізді.
«АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында  семинар-сабақ өткізілді.
07
қараша
2020
«АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-сабақ
2020 жылдың 6-ші қазанында Алматы қаласы ЖИТС орталығының әлеуметтік дәрігері Дербисалиева А.Е Жетісу ауданы, #2 ЖББ мектептің 9-11 сынып оқушыларына және барлық сынып жетекшілерге  «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында  семинар-сабақ өткізді. Семинар барысында  АИТВ/ЖИТС-тің  республикадағы, облыстағы  індеттік  ахуалы, жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясының клиникасы, классификациясы, зертханалық диагностикасы  туралы толық мағұлмат беріліп, қатерлі кеселге қарсы
"Бала құқығы -адам құқығы"
06
қараша
2020
"Бала құқығы -адам құқығы"
​​​​Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2020 жылғы 20қазан - 20қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы -адам құқығы" атты айлық жоспары бойынша мектеп оқушылары "Бала құқығы - адам құқығы" тақырыбында сурет көрмесін өткізді.
"Адамгершілік тәрбиесі - басты мақсат"
03
қараша
2020
"Адамгершілік тәрбиесі - басты мақсат"
Мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына "Адамгершілік тәрбиесі - басты мақсат" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік қасиеттерін дарыта отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Мектеп психологі Қуаныш Ақжан тренинг өткізді
02
қараша
2020
Мектеп психологі Қуаныш Ақжан тренинг өткізді
Мектеп психологі Қуаныш Ақжан бастауыш кезекші сынып оқушыларына танымдық процестерін дамыту мақсатында тренинг өткізді. Мақсаты: топ мүшелерін біріктіру, топ арасында оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау.