Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде информатика кабинеті ашылды
31
қазан
2020
Мектебімізде информатика кабинеті ашылды
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің кешкі бөлімінде информатика кабинеті ашылып, компьютермен толық жабдықталды.
Ағымдағы бағалауды бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі пән мұғалімдерімен жұмыстар жүргізуде.
30
қазан
2020
Ағымдағы бағалауды бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі пән
Қашықтықтан білім беру платформаларын пайдалана отырып, тоқсандық жиынтық бағалаудағы жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламасына сай жүргізіліп, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бағалауды бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі пән мұғалімдерімен жұмыстар жүргізуде.
"Бала құқығы - халық қазынасы"
29
қазан
2020
"Бала құқығы - халық қазынасы"
Мектеп инспекторы Тулегенова Ш.А 5-9 сынып оқушыларына "Бала құқығы - халық қазынасы" тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу.
Мектеп директоры Отепбекова  Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен кезекті жиналысын өткізді.
28
қазан
2020
Мектеп директоры Отепбекова Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен
Мектеп директоры Отепбекова  Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен кезекті жиналысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Білім беру ұйымы таңдаған оқу платформасының жұмысының жүргізілуі; 2. Тоқсанның аяқталуы, ТЖБ жиынтықтарының өткізілуі, оның тақырыптық мазмұны; Жиналыс барысында білім сапасына баса назар аударылып, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыстың болуы жайлы айтылды. Тәрбие саласы бойынша жұмыс күшейту керектігі және мектепішілік бақылауда тұрған оқушыларды басты
«Біз таза қаланы қолдаймыз»
28
қазан
2020
«Біз таза қаланы қолдаймыз»
«Біз таза қаланы қолдаймыз» деген мақсатпен мектебіміздің ер мұғалімдері бүгін сенбілікке шықты. Мектеп ауласы мен алаңдарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемде болып жатқан эпидемия кезінде тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
Мектеп директоры Отепбекова Б.М  ата-ана ұжымына  онлайн форматта есеп беру кездесуін өткізді.
23
қазан
2020
Мектеп директоры Отепбекова Б.М ата-ана ұжымына онлайн форматта
Алматы қаласының Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау мақсатында мектеп директоры Отепбекова Б.М  ата-ана ұжымына  онлайн форматта есеп беру кездесуін өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Мектепке бөлінген қаржының игерілуі, мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайы; 2. Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты
"Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді.
20
қазан
2020
"Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді.
Мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына дәрігер психиатр-нарколог Кенесбекова Салия Кенесбекқызы "Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді. Лекцияда есірткі, темекі, алкогольді ішімдіктердің адам өміріне айтарлықтай зиян әкелетіні туралы айтылды.  Психиатр-нарколог оқушыларды салауатты өмір сүру салтына шақырды.
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері
17
қазан
2020
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері
Информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы 9 "А", "Б", "В" сынып оқушыларымен онлайн конференция өткізді.  Мақсаты: "онлайн мектеп" платформасын дұрыс қолдану, оның ішінде видеоконференцияға қосылу, микрофонмен камераны дұрыс қолдану, үй тапсырмасына файлдарды жүктеу, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын дұрыс енгізу т.б ережелерімен таныстыру. 
"Күнделік.кз" платформасы
16
қазан
2020
"Күнделік.кз" платформасы
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 1 "Б" сынып оқушыларына "Күнделік.кз" платформасы арқылы математика пәнінен "Жазық фигураларлың модельдері" тақырыбындағы өткен сабағына мектеп әкімшілігі қатысты. Сынып оқушылары барлығы платформаларға тіркелген, платформа арқылы берілген тапсырмаларды көріп, орындайды. Сынып жетекші: Жиенбаева А.Ж
"Алтын күз"
16
қазан
2020
"Алтын күз"
Мектебіміздің оқушылары мектепшілік "Алтын күз" байқауына "сурет" номинациясы бойынша дайындаған жұмыстарын тамашалаңыздар.