Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті.
30
қазан
2021
«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ» онлайн кездесу өтті.
 №2 жалпы білім беретін мектепте 5-8 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ "мектеп - бала -ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологилық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға көмек көрсету.
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ"
29
қазан
2021
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ"
"Алматы Дарыны" орталығының ұйымдастыруымен өткен "ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" Республикалық конкурсының қалалық кезеңінің "КРЕАТИВТІ ПСИХОЛОГ" номинациясының жеңімпазы мектебіміздің психологы ҚУАНЫШ АҚЖАН Марапатталады!!!
Онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылды
26
қазан
2021
Онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылды
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылып, "Күз кереметі" атты оқушылардың салған суреттері мен дайындаған
"Мұражайға саяхат" 9 "А" сынып
23
қазан
2021
"Мұражайға саяхат" 9 "А" сынып
"Мұражайға саяхат" тақырыбында 9 "А" сынып оқушыларын сынып жетекшісі Омарова Г.М. орталық мұражайға алып барды.       Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, рухани құндылықтарын арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында мұражайға саяхат жасау  маңызды рөл атқарады.
"PISA"  халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
20
қазан
2021
"PISA" халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушыларының математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 19 қазан N136 бұйрықпен "PISA"  халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сараптамаға қатысқан мұғалімдер:  К.М.Абдуллаева Г. Д. Аталыкова  Ф. Т. Журынова А. К. Тұңғышбек Г. М. Полат Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары : К. К. Тулеубаева
Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
18
қазан
2021
Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің жас ұстаздары "Қарттар айлығына" арнап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мектебіміздің қарияларына азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетті.
"Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
18
қазан
2021
"Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел
Жетісу ауданы,  №2 ЖББ мектептің "Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Әкелер кеңесін құрудың мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.   Әкелер клубының жетекшісі: Абилкайров С.М, Идирисов Р.Е, Тоқтасынов Қ.Т, Барлықбеков Б.С
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді
15
қазан
2021
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М  ұстаздармен кезекті жиналыс өткізді. Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы, білім сапасы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі жайлы айтылды. Мектеп басшысы сынып жетекшілерге онлайн отырған оқушыларды дәстүрлі форматта оқуға шақыру жұмыстарын жүргізуді, пән мұғалімдеріне оқушылардың олимпиадаға, ғылыми жобаларға дайындығын күшейтуді тапсырды.  Пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізу мәліметтерімен таныстырды.  Мектеп бойынша тәрбие жұмыстарының
«Мектеп тәртібі», «Жол қауіпсіздігі», «Жолда жүру ережелері»
06
қазан
2021
«Мектеп тәртібі», «Жол қауіпсіздігі», «Жолда жүру ережелері»
Жетісу ауданы, N2 ЖББ  мектеп инспекторы Е.К.Аймаханов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.М.Әбілжан  оқушыларға «Мектеп тәртібі», «Жол қауіпсіздігі», «Жолда жүру ережелері» тақырыбында  әңгіме сабақ жүргізді.
"Адалдық дүкені"  өз жұмысын жалғастыруда.
06
қазан
2021
"Адалдық дүкені" өз жұмысын жалғастыруда.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте "Адалдық дүкені"  өз жұмысын жалғастыруда.  "Адалдық дүкеніне" талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген әр оқушы оның ақысын арнайы ыдысқа салып, өз-өзіне қызмет атқарады.  "Адалдық дүкенінің" мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілікті дамыта отырып, адал болуға тәрбиелеу. "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшісі 10 "Б" сынып оқушысы Сейдалы Бейбарыс және Қалиманова Ақбота оқушыларды адал болуға, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет" қалыптастыруға