Әдістемелік жұмыстар » Страница 2 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Журынова Фарида Темірханқызының   мақаласы жарияланды.
18
мамыр
2022
Журынова Фарида Темірханқызының мақаласы жарияланды.
"Uzdik ustaz" Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына Математика пәні мұғалімі Журынова Фарида Темірханқызының "Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік" тақырыбында  мақаласы жарияланды.
"Өрлеу" БАҰО тренері Байқоныс Ануар Жарылқасынұлы семинар өткізді.
30
наурыз
2022
"Өрлеу" БАҰО тренері Байқоныс Ануар Жарылқасынұлы семинар өткізді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп ұстаздарына "Өрлеу" БАҰО тренері Байқоныс Ануар Жарылқасынұлы "Функционалдық сауаттылықты дамыту және халықаралық зерттеулердегі (PISA, TIMES, PIRIS) қиындықтар мен оны практикада шешу жолдары" тақырыбында семинар өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.  Ұстаздарға функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын ашық түсіндіріп, сабақ барысында кездесетін қиындықтармен қалай күресу керектігіне толық жауап берді. Ануар Жарылқасынұлына мектеп ұстаздары атынан алғыс айтамыз!
Мектепте әдістеме бірлестіктерінің жиналыстары өткізілді.
28
наурыз
2022
Мектепте әдістеме бірлестіктерінің жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектепте әдістеме бірлестіктерінің жиналыстары өткізілді. Күн тәртібінде: 1. ІІІ – оқу тоқсанының қорытындысы мен білім сапасы. БЖБ, ТЖБ жұмыстарын талдау арқылы кемшіліктермен жұмыс жасау; 2. Үлгерімі төмен оқушылармен жасалған жұмыстарды талқылау; 3. 9-11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындығын күшейту; 4. Ағымдағы мәселелер.
Кезекті әдістемелік бірлестік жетекшілерімен директор жанындағы жиналыс өткізілді.
28
сәуір
2021
Кезекті әдістемелік бірлестік жетекшілерімен директор жанындағы
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектебінде кезекті әдістемелік бірлестік жетекшілерімен директор жанындағы жиналыс өткізілді.   Жиналыста пәндер бойынша бжб, тжб тақырыптарын нақтылап өткізілу кестесін бекіту тапсырылып,  ағымдағы оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес өткізілген жұмыстардың қорытындысын дайындау сұралды. Мемлекеттік емтихан тапсыратын 9-11 сынып оқушыларымен дайындық күшейтуді тапсырды.
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді.
19
қаңтар
2021
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді. Жиналыста жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік емтихандарға дайындығын және таңдау пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейлері талқыланды. Мектеп басшысы пән мұғалімдеріне әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасауды тапсырды. Жиналыс барысында ұсыныстар айтылып, ата-анамен тығыз байланыста болу ұсынылды. Мектебімізде қашықтықтан оқыту форматында білім
Мектеп директоры Отепбекова  Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен кезекті жиналысын өткізді.
28
қазан
2020
Мектеп директоры Отепбекова Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен
Мектеп директоры Отепбекова  Бақытнұр Маденовна мектеп ұжымымен кезекті жиналысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Білім беру ұйымы таңдаған оқу платформасының жұмысының жүргізілуі; 2. Тоқсанның аяқталуы, ТЖБ жиынтықтарының өткізілуі, оның тақырыптық мазмұны; Жиналыс барысында білім сапасына баса назар аударылып, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыстың болуы жайлы айтылды. Тәрбие саласы бойынша жұмыс күшейту керектігі және мектепішілік бақылауда тұрған оқушыларды басты
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
12
қараша
2019
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінің 1 сынып жетекшілері Исабаева Э.Н, Кержикеева С.Р "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі" тақырыбында Бастауыш сыныптардың ӘБ отырысына дөңгелек үстел өткізді. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, келісіп, ойларын дәлелдеді. Критериалды бағалау жүйесі оқушы бойындағы үрейленуді жояды, мұғалімді "төрешілік" қызметінен босатады. Оқушы бойында өз іс-әрекетіне баға беру және іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Жетісу
"ШАМШЫРАҚ"
11
қараша
2019
"ШАМШЫРАҚ"
Алматы қаласы Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінде "ШАМШЫРАҚ" шығармашылық қоғамдастығының ұйымдастырылуымен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында ұлттық құндылықтарымызды оқыту арқылы заманауи білім алу құзыреттілігін қалыптастырудың тәжірибелік-қоғамдастық алаңы" тақырыбында аудандық семнар өтті. 
"Менің кәсіби мамандығым"
01
қараша
2019
"Менің кәсіби мамандығым"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің жас мамандарына "Менің кәсіби мамандығым" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: мұғалімнің әртүрлі жағдаяттағы педагогикалық шеберлігін анықтау, жас мамандардың педагогикалық шеберлігін дамыту. 
"Елім деп соққан жүрегі", "Сақтансаң, сақтаймын"  мақалалары
01
қараша
2019
"Елім деп соққан жүрегі", "Сақтансаң, сақтаймын" мақалалары
ALMATY AQSHAMY #129 басылымына Жетісу ауданы #2 ЖББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мухамеджанова А.И, Журынова Ф.Т "Елім деп соққан жүрегі", "Сақтансаң, сақтаймын" деген мақалалары жарық көрді.