"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"
06
ақпан
2019

"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"

Жетсу аудандық білім беру бөлімінің тапсырмасына сәйкес №2 ЖББ мектебінің 5-9 сыныптар аралығында "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты мәнерлеп оқу  сайысы ұйымдастырылды.
Тәлімгерлер: Умбетова Ж.К. Сулейменова Г.З.

Осыдан 88 жыл бұрын, өлеңді әрбір қазақтың сырласына айналдыра білген қыран қанат, ұлы ақын дүние есігін ашқан. Қазақ поэзиясы дегенде, Мұқағали есімі бірден есімізге түсіп, көз алдымызға шашын артқа қайырған тау тұлғалы ақын бейнесі елестейді. Бүгінде оның сонау жиырмасыншы ғасыр қойнауында жазып кеткен мұңды, сырлы жырлары, тілге бірден оралатын күнге де жеттік.

Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай!-
деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды.