Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 107
"Мектеп лидері - 2021" интеллектуалды сайысы өткізілді.
16
қараша
2021
"Мектеп лидері - 2021" интеллектуалды сайысы өткізілді.
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынталарын арттыру мақсатында "Мектеп лидері - 2021" интеллектуалды сайысы өткізілді.  Сайысқа 9 "А" сыныбынан Есембеков Арман, Ильясов Нұрислам, Сағат Елзат, 9 "Б" сыныбынан Артықбай Самат, Серікқызы Айжан, Жарқынбай Зарина қатысып, жүлделі орындармен марапатталды! Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Құттықтаймыз!
15
қараша
2021
Құттықтаймыз!
Нұр-Сұлтан қаласында өткен жас жеткіншектер, ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Біріншілігі у-шу санда жарысына №2 ЖББ мектептің кешкі бөлімнің 10 " Ж" сынып оқушысы Абдул-Межитов Рамзат қатысып І орынға ие болды! Құттықтаймыз!
І орын!   Құттықтаймыз!!!
15
қараша
2021
І орын! Құттықтаймыз!!!
Ұлттық мектеп лигасының Жетісу аудандық іріктеу кезеңінде футзал спорт түрінен 9-11 сынып қыздар арасында  Жетісу ауданы, №2 ЖББМ қыздар командасы І орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!!! Жетекші: Байғондыұлы Ә, Эсимбеков Е.Қ
Ата-аналар комитетімен "Өнеге отбасынан басталады" тақырыбында жиналыс өткізілді.
12
қараша
2021
Ата-аналар комитетімен "Өнеге отбасынан басталады" тақырыбында
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М барлық сыныптың ата-аналар комитетімен "Өнеге отбасынан басталады" тақырыбында жиналыс өткізді.  Күн тәртібінде: - Білім сапасы; - Оқушылардың сабаққа қатысуы; - Құқықбұзушылықтың алдын алуы; - 9-11 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындығы; - "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасының жүргізілуі; -Ағымдағы мәселелер. Жиналыс барысында ата-аналар сұрақтар қойып, кері байланыс жасады.
ALTYN SAQA  олимпиадасы
12
қараша
2021
ALTYN SAQA олимпиадасы
ALTYN SAQA  Алматы дарыны орталығының ұйымдастыруымен МАТЕМАТИКА пәнінен республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңіне Жетісу ауданы, N2 ЖББМ оқушылары қатысып,  Бекет Балғын және Сыдық Алуа ІІ орын, Нұрлыбек Аймерей ІІІ орынмен марапатталды! Жауапты: ДОІЖО Тулеубаева Қ.Қ Жетекшілері: Абдуллаева К.М, Журынова Ф.Т, Тұңғышбек А.К.
"Буллингтің алдын алу"
12
қараша
2021
"Буллингтің алдын алу"
Мектеп психологі Қуаныш А.Е құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 7-11 сыныптар арасында "Буллингтің алдын алу" тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Мектебімізде пәндік олимпиада өткізілді.
12
қараша
2021
Мектебімізде пәндік олимпиада өткізілді.
2021 жылдың 12 қарашасында Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектепте 5-6 сынып оқушыларына мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Құттықтаймыз!!!
12
қараша
2021
Құттықтаймыз!!!
Ұлттық мектеп лигасының Жетісу аудандық іріктеу кезеңінде футзал спорт түрінен 7-8 сынып қыздар арасында  Жетісу ауданы, №2 ЖББМ қыздар командасы ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Жетекші: Барлықбеков Б.С
Құттықтаймыз!!!
11
қараша
2021
Құттықтаймыз!!!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «QAZAQ EPOS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұлпар мініп,ту алған» байқауының ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕН Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы ДУБАСОВ ИБРАҺИМ  жүлделі IIІ орынды иеленіп, 200 мың теңгелік сертификат алса, жетекшісі Туралиева Гулмира Мырзабаевна 400 мың теңгелік сертификат алды. Құттықтаймыз!!!
Хабибуллаев Ақылбек  Бекзат 5 "А" сынып оқушысы
11
қараша
2021
Хабибуллаев Ақылбек Бекзат 5 "А" сынып оқушысы
Мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Хабибуллаев Ақылбек  Бекзат бокс клубының жас-өспірімдер арасындағы ашық біріншілігіне қатысып, ІІІ орынмен марапатталды!