Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 179
"Бастауышым-бал бұлағым"   4"А"
16
мамыр
2019
"Бастауышым-бал бұлағым" 4"А"
Мектебіміздің 4 "А" сыныбы "Бастауышым- бал бұлағым" тақырыбында бастауыш сыныппен қоштасу мерекелік концертін өткізді. Мақсаты: Білімнің сар жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, оларды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Игілікова Гүлжазира Аббазқызы
"Жарқыра, жайна жас маман!"
14
мамыр
2019
"Жарқыра, жайна жас маман!"
Мектебімізде "Жарқыра, жайна жас маман!" атты жас мамандар апталығының ашылуы өтті. Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында-Жастар жылы деп жариялаған болатын.  Болашақ- жастардың қолында.
Ұлттық спорт ойындары
11
мамыр
2019
Ұлттық спорт ойындары
Мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары дене шынықтыру сабағынан ұлттық ойындарымызды жаңғыртты.  Сабақ тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары. Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Алмағанбетова А.Т.
2-ші дәрежелі лауреат
10
мамыр
2019
2-ші дәрежелі лауреат
"Жеті Өнер" ІІІ Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Акуп Аяжан, Ануар Наркес 2-ші дәрежелі лауреат атанды. Сонымен қатар конкурсымызға қолдау білдіргені үшін Құрмет грамотасымен мектебіміздің директоры Отепбекова Бакытнур Маденовна және жетекшісі Бақытбек Сания МАРАПАТТАЛАДЫ.
ЖЕТІ ӨНЕР
10
мамыр
2019
ЖЕТІ ӨНЕР
"Жеті Өнер" ІІІ Халықаралық балалар мен жастар шщығармашылық фестиваль конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Мектебіміздің өнерлі оқушылары Ануар Наркес, Акуп Аяжан 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекші: Бақытбек Сания
Таңғы сергіту жаттығуы
10
мамыр
2019
Таңғы сергіту жаттығуы
Мектеп оқушыларының таңғы сергіту жаттығуы