"МЕНІҢ БАУЫРЫМ" еріктілер жобасы іске қосылды.
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "МЕНІҢ БАУЫРЫМ" еріктілер жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты: мектеп оқушыларының құқықтарын қолдау және қорғау арқылы олардың қолайлы және дамытушы білім беру ортасында тәрбиеленуіне үлес қосу. Осы жоба аясында "Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі" студенттері келіп, 8 "А" сынып оқушыларына жобаны таныстырып, тренинг өткізді.