6 "Б" сынып "Абайлаңыз, жұқа мұз"
Мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушыларына "Абайлаңыз, жұқа мұз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу. Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау. Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару. Сынып жетекшісі: Умбетова Ж.К