Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 52
«Өзін-өзі басқару» ұйымы
19
мамыр
2023
«Өзін-өзі басқару» ұйымы
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары Исройлов Нұрдаулет, Рүстемқызы Назым 5 «А» сынып оқушыларына «Мың тағзым, саған майдангер!» тақырыбында, Ұлы Отан соғысы майдангерлерін мадақтау, оқушыларға ерлік іс-әрекеттерің дәріптеу, жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру мақсатында әңгіме сабақ жүргізді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылады.
Әр бір сыныпқа сенім бұрышы "QR код" орнатылды.
18
мамыр
2023
Әр бір сыныпқа сенім бұрышы "QR код" орнатылды.
Алматы қаласы Білім басқармасы мен Прокуратурасының мектеп директорларымен бірлескен онлайн жиналысы өтті. Жиналыс барысында қалалық прокуратрураның өкілі Гүлнара Хамитовна мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау туралы ақпарат берді.  Білім Басқармасының өкілі Ақмарал Төлегенова жиналыс барысында  N204 мектептің тәрбие орынбасары Қамбар Талғатұлының мектеп оқушылары арасындағы буллингтің алдын алу бойынша сенім жәшігін "QR код" әдісіне көшіру іс-тәжірибесі қала мектептеріне қолдануды
«Көзқарас» тақырыбында ой-толғау, дөңгелек үстел өткізді.
17
мамыр
2023
«Көзқарас» тақырыбында ой-толғау, дөңгелек үстел өткізді.
Мектебіміздің «Адал Ұрпақ» ұйымының жетекшілері Турсунова Руфина, Хабибуллаева Жарқынай 5 "Б" сынып оқушыларына «Көзқарас» тақырыбында ой-толғау, дөңгелек үстел өткізді.  Оқушыларға қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер, болашақтағы мақсат армандары, бос уақытта немен айналысатыны, мектеп қабырғасындағы көңілді уақыттары, оқушының қызығушылығы, ой-өрісін анықтау мақсатында қызықты сұрақтар қойылды. Оқушылар ойларын ашық айтып, талқылады. Аға тәлімгер: Торгаева Н.Б
Оқушы жетістігі
16
мамыр
2023
Оқушы жетістігі
Мектебіміздің 7 «А» сынып оқушысы Еркебұланқызы Еркежан «Мұқаналиев Болат» сенсейге арналған каратэ спорт түрінен Алматы қаласының ашық турниріне қатысып, ІІ орынды жеңіп алды.  Құттықтаймыз!
Педконсилиум
15
мамыр
2023
Педконсилиум
Мектебімізде "4-сынып оқушыларының педагогикалық консилиумы" өткізілді. Педконсилиумде 4" А" , 4 "Б" сынып оқушыларының білімдерін зерделеу мақсатында жоспар дайындалып, бақылау жүргізіліп, талқыланды.
Оқушы жетістіктері
12
мамыр
2023
Оқушы жетістіктері
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-11 сыныптар арасындағы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Әділова Аида қатысып, ІІІ орынмен марапатталды. Жетекші: Сүлейменова Г.З
Оқушы жетістіктері
11
мамыр
2023
Оқушы жетістіктері
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды! І ОРЫН – 8 «Б» сынып оқушысы Қадір Шұғыла, жетекші: Умбетова Ж.К ІІ ОРЫН – 8 «А» сынып оқушысы Оразалы Аяла, жетекші: Туралиева Г.М Құттықтаймыз!
Отепбекова Бакытнур Маденовна
10
мамыр
2023
Отепбекова Бакытнур Маденовна
Мен, Отепбекова Бакытнур Маденовна 1969 жылы 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. 1986 жылы Төрткөл елді мекеніндегі орта мектепте 10-сыныпты аяқтадым. 1989-1994 жж. Қыздар педагогикалық институтын тәмәмдадым. Мамандығым: тарих және құқық пәнінің мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілім: 22 жыл 3 ай 1994 жылдан бастап Алматы қаласында педагогикалық еңбек өтілімді бастадым. 1996-2000 жылдардың аралығында Бостандық ауданына
"Менің арманымдағы - Алматы" номинациясы бойынша  жеңімпаздар!
09
мамыр
2023
"Менің арманымдағы - Алматы" номинациясы бойынша жеңімпаздар!
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Алматы БалаFEST" "Эко жоба" бағыты, "Менің арманымдағы - Алматы" номинациясы бойынша мектебіміздің 10 "А" сынып оқушылары Есембеков Арман, Ашим Темірлан ІІІ орынмен марапатталды! Жетекші: Тулеубаева К.К