Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 57
«Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ
06
сәуір
2023
«Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ
Мектебіміздің «АДАЛ ҰРПАҚ» ұйымының жетекшілері 10 «Б» сынып оқушылары Тоқтасын Альмира, Жұмабай Ақбота 7 «В» сынып оқушыларына «Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ өткізді. Оқушылар қылмыстың түрлерін ажыратып, заңның түрлерін айтып,  жазаның түрлерін ортаға салып, ойларын талқылады.  Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету; Заң алдындағы жауапкершілікті білу, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу.
11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна дәріс өткізді.
05
сәуір
2023
11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна
Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту” заңы аясында Жетісу ауданы білім бөлімі мен Алматы әкімдігі жанындағы “Халықты жұмыспен қамту” орталығының ұйымдастыруымен онлайн формат арқылы мектебіміздің 11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна дәріс өткізді.
"Құстар - біздің досымыз!"
05
сәуір
2023
"Құстар - біздің досымыз!"
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері.  Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары "Құстар - біздің досымыз!" атты іс-шараға белсене қатысып, құстарға деген қамқорлық, мейірімділік көрсету мақсатында ұя жасап, дайындап әкелді. Ұяларды "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары мектеп ауласындағы ағаштарға ілді.
“АИТВ және оның алдын алу шаралары”
04
сәуір
2023
“АИТВ және оның алдын алу шаралары”
Алматы қалалық ЖИТС-пен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Үсенқұл Мадина Мешірқызы “АИТВ және оның алдын алу шаралары” тақырыбында мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына  дәріс өткізді.
"Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
04
сәуір
2023
"Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын
№2 жалпы білім беретін мектеп "Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
1 сыныпқа қабылдау
03
сәуір
2023
1 сыныпқа қабылдау
Жетісу ауданы мектептеріне 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа балаларды қабылдау бойынша жедел желі телефондары
9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады.
03
сәуір
2023
9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады.
8-11сынып оқушылары арасындағы Республикалық "ӘБІШ ОҚУЛАРЫ" байқауының аудандық кезеңінде "Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша І орынды жеңіп алған мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады. Жетекші: СҮЙЛЕЙМЕНОВА Г.З
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды!
01
сәуір
2023
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды!
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналар назарына! Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді. 1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі. Қандай
I ОРЫН
31
наурыз
2023
I ОРЫН
Мектебіміздің 8 “Б” сынып оқушысы Болекбаев Диас “ZHASS ULAN” Бокс мектебінің Жастар мен Жасөспірімдер арасында өткен Бокстан Республикалық ашық турнирге қатысып,  I ОРЫН иеленді. Құттықтаймыз!
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары
30
наурыз
2023
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары
Мектеп директоры Отепбекова Б.М мектепте оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, мектеп инспекторымен жұмыс жоспарын талқылап, қосымша тапсырмалар берілді.