Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 70
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығының ашылуы өткізілді.
21
қараша
2022
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығының ашылуы
«Үштілділік – жаһандану заманының талабы» атты 21.11-29.11.2022 жыл аралығындағы жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің апталығының ашылуы өткізілді. Мақсаты:  «Үштілділік – жаһандану заманының талабы» тақырыбында  ұйымдастырылып отырған апталықта, оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, термин сөздерді дұрыс пайдалану, оқушыларды жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын ,белсенділігін арттыру, функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзырлылығын дамыту, белсенділігін жан-жақты жетілдіру.
«Бала құқығы – адам  құқығы»
18
қараша
2022
«Бала құқығы – адам құқығы»
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес тарих және құқық пәнінің мұғалімі Сикибаева Ш.К және Ауталипова А.Е 9 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында танымдық сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа
«Бақытты ана – бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
18
қараша
2022
«Бақытты ана – бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел
ала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Жанат Кулпыбаевна 5 «Б» сынып оқушыларымен және ата-аналарымен «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін сезіндіру.
"Балалық шақты бірге қорғайық" атты дөңгелек үстел өткізді.
17
қараша
2022
"Балалық шақты бірге қорғайық" атты дөңгелек үстел өткізді.
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының білім министрі Турсунова Руфина оқушылармен "Балалық шақты бірге қорғайық" атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар бір-бірімен қазіргі кездегі балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық туралы ой-талқылап,  адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін ұғынып және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтты. Оқушылар өздері жүрген орталарында
"Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
17
қараша
2022
"Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары бейнелеу өнері сабағынан қол саусақтарының моторикасын дамыту, эстетикалық баю  мақсатында, "Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
«Бақытты балалық шақ» тақырыбында музыкалық шығармашылық сағаттарын өткізді.
16
қараша
2022
«Бақытты балалық шақ» тақырыбында музыкалық шығармашылық сағаттарын
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес музыка пәні мұғалімі Шәлекен Бахберген бастауыш сынып оқушыларына «Бақытты балалық шақ» тақырыбында музыкалық шығармашылық сағаттарын өткізді.
Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің апталығының ашылуы болды
15
қараша
2022
Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің
Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің "Язык - символ нации", "Language - symbol of nation" атты апталығының ашылуы өткізілді.  Апталықтың мақсаты: 1. Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру;  2. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту; 3.
“Педагогикалық идеялар панорамасы”
14
қараша
2022
“Педагогикалық идеялар панорамасы”
“Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық байқауының аймақтық Кезеңінің “География/жаратылыстану мұғалімі” аталымында жүлделі 3 орын үшін мектебіміздің география пәні мұғалімі Егізбай Абзал Серікұлы марапатталады.
«Әр баланың құқығы бар»
14
қараша
2022
«Әр баланың құқығы бар»
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында, мектепішілік жоспарға сәйкес «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық сағаттары өткізілді. Оқушылар сурет салу арқылы эстетикалық рухани байып, өнер арқылы танымдық іс-әрекеттері артады.
"Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, ІІІ-орын иеленді.
14
қараша
2022
"Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің 9 "Б" сынып оқушысы Жұмахметов Ержігіт оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба жарысында "Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, ІІІ-орын иеленді. Ғылыми жоба жетекшісі: Қағазбекова М.И Құттықтаймыз!