Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 73
Республика күніне арнап "Мың бала" челенджін жолдайды.
20
қазан
2022
Республика күніне арнап "Мың бала" челенджін жолдайды.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігіміз баянды болсын! Республика күні құтты болсын!🇰🇿 Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Республика күніне арнап "Мың бала" челенджін жолдайды.
Ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс ұйымдастырды.
18
қазан
2022
Ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ "Қарттарым - асыл қазынам!" атты қарттар айлығы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс ұйымдастырды.  Жарыс нәтижесі бойынша ата - аналар орындармен және номинациялармен марапатталды!  І-орын - Утегенов Абдурашид; ІІ-орын Чонконов Асқар;  ІІІ-орын Абдазов Уткирбек. Құттықтаймыз!
Игілікті істер жасау
18
қазан
2022
Игілікті істер жасау
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қайырымдылық жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оқушылар қазіргі қоғамға осындай игілікті істер жасау арқылы еліміздің болашағы жарқын болуына үлес қосуда.  Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды.
17
қазан
2022
Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды.
Алматы қаласы, жасөспірімдер арасында өткізілген бокс жарысына мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
14
қазан
2022
5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының Мектеп Президенті Исройлов Нұрдаулет, Спорт Министрлері Аширов Ерхан және Рүстемқызы Назым дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Абилкайров С.М, Барлықбеков Б.С жетекшілігімен 5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша: І- орын - 7 "А" сынып; ІІ- орын - 7 "В" сынып; ІІІ - орын - 6 "А" сынып оқушылары марапатталды!
"Кино кеші" ұйымдастырылды.
14
қазан
2022
"Кино кеші" ұйымдастырылды.
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының мәдениет Министрі Әділова Аида мектеп оқушыларының сұранысымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Кино кешін" ұйымдастырды. Оқушылар сабақтан тыс бос уақыттарында бірігіп, сүйікті фильмдерін тамашалап, уақыттарын көңілді  өткізді. Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Рейд
14
қазан
2022
Рейд
№2 ЖББ мектепте балалардың кешкі уақыттарда ата-анасының қадағалауынсыз ойын - сауықтыру орындарында, компьютер клубтарындағы баруын анықтау мақсатында  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп психологы және мектеп мұғалімдері оқушылардың кешкі уақыттағы көшеде жүруін тексеру мақсатында рейд жасауда.   Ойын-сауық орталығы,  компьютерлік ойын клубтары,  базар маңайы,  жертөлелер  мен қараусыз қалған үйлер, сондай-ақ  көлік жуу орындары мен «Алматы Орталық»
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері"
14
қазан
2022
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері"
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері" тақырыбында Еуропа елдерінің PISA зерттеу көшбасшылары қатысқан халықаралық онлайн семинарына мектебіміздің жаратылыстану-математика бірлестігінің пән мұғалімдері қатысып арнайы сертификаттармен марапатталды.
"Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:
12
қазан
2022
"Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:
Қара шаңырақ мектебімізде 12.10.2022 күні  Алматы қаласы, Білім басқармасының  "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдауымен "Almaty Daryny" Республикалық ғылыми жобалар конскурсының "Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:  Мақсаты: Білім алушы оқушыларды ғылыми ізденіске, шығармашылыққа баулу  Міндеті: Дарынды балаларды анықтау, ғылыми зерттеушілікке машықтандыру.
"Қарттарым - асыл қазынам!"
12
қазан
2022
"Қарттарым - асыл қазынам!"
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепішілік жоспарға сәйкес қарттар айлығына орай "Қарттарым - асыл қазынам!" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге әр сынып оқушыларынан бір қария келіп қатысып, қазыналы қарттарымызға ақ жаулық жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Ұйымдастыруышы: 7 сынып оқушылары. Жетекшілері: Туралиева Г.М Бейсенбай Г.Ш Сикибаева Ш.Қ