Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 75
«Жүректен маржан іздеген »
29
қыркүйек
2022
«Жүректен маржан іздеген »
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арнап мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Г.З «Жүректен маржан іздеген » атты  Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты:  Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
"Professional-2050"
29
қыркүйек
2022
"Professional-2050"
9 "Б" сынып оқушысы Айдарханов Тимур информатика пәнінен "Professional-2050" тақырыбында эссе жазып, "Өрлеу Қазақстан" балалар арасындағы сайысқа қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Омарова Г.М.
"Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз"
28
қыркүйек
2022
"Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз"
Мектебіміздің "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшілері Тұрсынғали Даниал, Болат Ұлжалғас, Тоқтасын Альмира және мектеп Президенті Исроилов Нұрдаулет 5 "А" сынып оқушыларына "Бейбітшілік - байрағымыз, туған жер - тұғырымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеу арқылы достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
"AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен жиналысы өткізілді.
28
қыркүйек
2022
"AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен жиналысы өткізілді.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы "AMANAT" партиясы филиалының қолдауымен N2 ЖББ мектебінің партия ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Саяси тұғырнама жобасын талқылау; 2. "AMANAT" партиясы Жетісу аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына делегат сайлау.
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру”
27
қыркүйек
2022
“Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру”
Бүгін мектебіміздің бастауыш ұстаздарының арасында “Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық қабілеттерді шыңдау. Оқыту семинары жаңа заман талабына сай форматта өтті. Ұстаздар топқа бөлініп өзара пікір алмасып, тәжірибелер жасап, ортаға ойларын салып талқылады. Ұйымдастырушылар:  Тойкулова Б.А. Чамкарова А.Б. Жиенбаева А.Ж.
"Ескірткісіз өмір"
26
қыркүйек
2022
"Ескірткісіз өмір"
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Шманов Олжас Қайырбайұлы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына "Ескірткісіз өмір" тақырыбында лекция оқыды.
Мектеп директоры математика пәні мұғалімдеріне олқылықтармен жұмыс жасауды тапсырды
26
қыркүйек
2022
Мектеп директоры математика пәні мұғалімдеріне олқылықтармен жұмыс
Мектеп директоры Отепбекова Б.М математика пәні мұғалімдерімен математика пәніндегі оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық терминдерді пайдалануын, ақпарататтық технологияларды қолдануын үнемі бақылауда ұстауды айтып, олқылықтармен жұмыс жасауды тапсырды.
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
23
қыркүйек
2022
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар:  1.    1-4 сыныптар «Баланың бас ұстазы – ата-ана» ;2.    5-7 сыныптар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» ;3.    8-9 сыныптар «Ата-ана мен балалар арасында қарым-қатынас»;4.     10-11 сыныптар «Отбасы – Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі».
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
23
қыркүйек
2022
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
Жетісу ауданы бойынша футбол жарысынан  7-8 сынып оқушылары арасында мектеп қыздар командасы ІІІ-орынмен,  9-11сынып қыздар командасы І-орынды жеңіп алып, қалалық кезеңге жолдама алды!! Құттықтаймыз!
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді.
23
қыркүйек
2022
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс
Мектеп психологі Қуаныш А.Е және 1 "Ә" сынып жетекшісі Чамкарова А.Б  “Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Ата-аналардың және мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың мектепке бейімделуіне үш жақты көмек көрсету.